Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері Торайғыров университетінің әріптестерімен бірге «Ертіс өзенінің бассейніндегі су экожүйесін индустриалды даму және ғаламдық процестер жағдайында бағалау» ғылыми жобасы аясында Ертіс өзенінде ауқымды зерттеулерді сәтті аяқтады. Жоба бір жыл бойы жүргізілді, нәтижесінде Ертіс бассейні су экожүйесінің кешенді бағалауы жүзеге асырылды.
Зерттеу тобы гидрологиялық зерттеулер, аэрофотосъемка, гидрохимиялық және гидробиологиялық көрсеткіштердің анализі, сондай-ақ геоботаникалық зерттеулер сияқты көптеген жұмыстарды орындады. Барлық зерттеулер заманауи жабдықтарды қолдана отырып жүргізілді, бұл өзен мен оның экожүйесінің жағдайы туралы дәл әрі өзекті деректер алуға мүмкіндік берді.
Жұмыстар барысында Қазақстан аумағындағы бірнеше бақылау нүктелеріне ерекше назар аударылды. Олардың арасында Семей, Курчатов, Павлодар, Ақсу қалалары мен Ресей шекарасынан 25 км қашықтықта орналасқан Железинка ауылы бар. Мұндай географиялық қамту өзеннің әртүрлі учаскелері мен оның ағысының түрлі кезеңдеріндегі жағдайын бағалауға мүмкіндік берді, бұл аймақтағы индустриалды дамудың Ертіс экожүйесіне әсерін түсіну үшін аса маңызды.
Зерттеулер нәтижесінде Ертіс бассейнінің су ресурстары мен экожүйесіне терең талдау жүргізілді, бұл болашақта аймақтағы су ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану бойынша негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Жоба командасы зерттеулерді жүргізуге қолдау көрсеткен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының Төтенше жағдайлар департаментіне алғыс білдірді.
Жобаны ПҚФ басшысы В.П. Колпакова, бұл зерттеулердің Ертіс өзенінің экожүйесінің қазіргі жағдайын және оның одан әрі тұрақты дамуын түсіну үшін маңыздылығын атап өтті.