Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық тыңдалымы өтті.
Өз үндеуінде Президент ел экономикасы халықтың әлеуметтік қамтылуына ықпал етуі тиіс екенін атап өтті. Әсіресе, өңірлерде шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ Президент әділ және тиімді салық саясатының қажеттілігін атап өтіп, салық салу мәселелерін қозғады.
Жолдауда мұнай-газ химия саласын дамытуға, энергетика секторындағы және коммуналдық шаруашылықтағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ерекше назар аударылды. Елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам - 6 қазанда атом электр станциясын салу бойынша өткізілетін алдағы референдум болмақ.
Сондай-ақ, Президент көлік саласын, авиация индустриясын және елді цифрландыруды сапалы дамытудың негізгі мәселелерін қозғады. Су саласын дамыту және сапалы инженерлік-техникалық кадрларды даярлау маңызды тақырыпқа айналды, бұл Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды болып саналмақ.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және университет басшылығы үшін жоғары білімді жақсарту және экономика мен университеттер арасындағы байланысты нығайту бойынша жарияланған шаралардың ерекше маңыздылығы болды. Бұл бастамалар елдің кадрлық әлеуетін арттырудың маңыздылығын айқындап, табысты болашақтың негізін қалайтыны анық.