Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға Франция елшісінің кеңесшісі Алекс Бортолан келді.
Қонақты басқарма төрағасы - ректор Рахметуллина С.Ж., Басқарма мүшесі - бірінші проректор Сапарходжаев Н.П. және Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Ақаев А.М. қарсы алды.
Университет бойынша экскурсия барысында қонаққа "SMART ENGINEERING" құзыреттер орталығының, Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы құзыреттер орталығының мүмкіндіктері көрсетілді, сондай-ақ "Алтын Алтай" мұражайы көрсетілді.
Басқарма мүшесі-бірінші проректор Нурбек Сапарходжаев ШҚО-ның Ecole Polytechnique сияқты француз жоғары оқу орындарымен, атом энергетикасы саласына мүдделі Grenoble және Phelma университеттерінің инженерлік мектептерімен достық қарым-қатынасы бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында ШҚТУ Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының жетінші халықаралық форумына қатысып, Гренобль политехникалық институтымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы Меморандумды іске асыру аясында биыл алғаш рет академиялық ұтқырлық бойынша студенттер Францияға жіберілді.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жыл сайын "Болашақ" бағдарламасы аясында 500 қазақстандық ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді, ал француз жоғары оқу орындары жыл сайын өте қызықты тағылымдама бағдарламаларын ұсынады.
Өз кезегінде Франция Елшісінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық бөлімінің бастығы Алекс Бортолан ЖОО-ның жоғары ғылыми әлеуетін және оның ғылыми әзірлемелерінің бірегейлігін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.