2024 жылғы 9-12 шілде аралығында BR21882022«Мониторинг жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының белсенділігін зерттеу» БНҚжобасының қызметкерлері Петрова Ольга Анатольевна мен Даумова Гульжан Камалбеккызы «Ионосфера Институты» ЖШС жұмыс сапарымен барды.Жоба аясында Ионосфера Институты ғарыш суреттерін пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысындағы көшкін белсенділігін зерттеу бойынша міндеттерді орындайды.
ШҚТУ қызметкерлері Ионосфера Институтының мамандарымен кездесті, жоба бойынша жұмыстардың орындалу барысымен танысты, күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыстардың дайындығын талқылады, одан әрі жұмыс жоспарын анықтады, Институттың материалдық-техникалық базасымен танысты.
Кездесу барысында көшкін алымдарының цифрлық көшірмесін дайындау, қар жамылғысының өзгерістерін және оның ғарыштық суреттер бойынша пайда болу мерзімдерін анықтау, өсімдік жамылғысының ерекшеліктері мен көпжылдық өзгерістерін анықтау бойынша материалдар ұсынылды.
ШҚТУ қызметкерлері Алматы маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймақтарды да аралады.