Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ шаңырағында «Қарттар күніне» орай ардагерлерді жинап, құрмет көрсетті. Дастархан басына жиналған қарттарға студенттер концерт қойып, ардагерлер жылы лебіздерін білдірді. Алғыс хаттармен марапаттап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі.

Қарттарға көмек - қоғамдық міндет екенін ескере отырып, университет атынан ардагерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды.

Негізінен бұл күн - аға-ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Болашақ жастар мен орта буын өкілінің қазыналы қарттардан алар тағылымы мол.