Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және "Казцинк" ЖШС арасындағы меморандум аясында 2024 жылғы 3-20 қаңтар аралығында "Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" ББ оқытушылары Денисов И.В., Букунова А.Ш., Даумова Г.К., Петрова О.А., Васильева О.Ю., Ахмадиева Г. А., Жаманбаева М.К., Азаматова Ж.К., Кайсина М.И. және Даниярова М.Д. өндірісте 72 сағаттық тағылымдамадан өтті. "Казцинк" ЖШС қарасты персоналды оқыту және дамыту басқармасы оны "Еңбек қауіпсіздігі" бағыты бойынша ұйымдастырды. Тағылымдама бағдарламасы мыналарды қамтыды: "Казцинк" ЖШС-де жаңадан қабылданған персоналды алдын ала оқыту курсы; "Казцинк" ЖШС-де жұмыс істейтін қызметкерлер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жыл сайын 10 сағаттық оқыту; "Жүк көтергіш және кран жабдығы" өлім қауіптілігі хаттамасы (ӨҚХ); "Биіктіктегі жұмыстар" ӨҚХ; "Тұйық кеңістіктер" ӨҚХ және "Энергияны оқшаулау" ӨҚХ бойынша оқыту. Тағылымдаманың практикалық кезеңі ретінде оқытушылар ситуациялық есептерді әзірледі. Жұмыстар бағалағаннан кейін оқытушыларға өндірісте біліктілікті арттыру туралы сертификаттар берілетін болады.