Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде түсіндірме жұмыстарын тыңдады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жариялаған кезекті Жолдауында Қазақстанда АЭС салу тақырыбына қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданатынын мәлімдеді.
Осыған орай жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бірқатар мамандар келіп, лекция оқып, студенттерді қызықтырған, ел арасындағы өзекті сұрақтарға жауап берді.
Модератор, PhD докторы, Атомдық және дәстүрлі энергетикалық технологиялар мектебінің деканы, Қазақстан Республикасының құрметті энергетигі Ақаев Айбек Мұратбекұлы болса, арнайы лекцияны Қазақстанның ядролық қоғамынан: Ибраев Бауыржан Мұхтарханұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының Төрағасы, сондай-ақ new Nuclear Watch Institute, London консультативтік кеңесінің төрағасы, Жантикин Тимур Мифтахович, физика-математика ғылымдарының кандидаты, "ҚАЭС" бас директоры (қазақстандық атом электр станциялары), ҚР Атом энергиясы агенттігінің бұрынғы төрағасы. Әлиев Сейіт Әбеуханұлы, "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталығының директоры, Ресей федерациясынан Атом өнеркәсібі және энергетика ардагерлерінің өңіраралық озғалысы кеңесінің төрағасы, "Росатом" МК Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Огнев оқыды.
Ашық әңгіме үрдісінде өткен жиын барысында студенттер АЭС мәселесіне қатысты ел көкейіндегі сұрақтарды да, ғылымға негізделген, экология, қауіпсіздік, құрылыс саласына қатысты күрделі сұрақтарға да жауап алды. Спикерлер университет студенттерінің жетік біліктілігіне өз бағасын берді.