«Университет ұжымы - біздің өркендеуіміздің басты ресурсы, оны дамытуға тұрақты инвестицияларды талап етеді». Ұжымның дамуы мен әл-ауқаты «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-тың 2022-2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында көрсетілген.

Бүгінде «ырыс-береке саясаты (Well-being)» бағдарламасын жүзеге асыру ұжым мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру міндеті тұр. Осы мақсатта бизнес және кәсіпкерлік мектебі «БанкЦентрКредит» АҚ филиалымен бірлесіп, халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту жөніндегі жобаны іске қосты.

Бірінші кездесу «Қаржы пирамидалары және интернет - алаяқтық» тақырыбында өтті.

Кездесудің сарапшылары «БанкЦентрКредит» АҚ-тың Өскемен қаласындағы филиалының Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері Александр Владимирович және психолог- Әсем Болатқызы болды.

Сарапшылар қаржылық алаяқтықтың түрлері, алаяқтардан банктік қорғау жүйесі туралы айтты. Неліктен адамдар қаржы пирамидаларының құрбанына айналатынын түсіндіріп берді.

Тақырып тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, спикерлер аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Бұл форматты бизнес және кәсіпкерлік мектебі қолдайды, сізді қызықтыратын сұрақтар жазуыңызды сұраймыз, біздің сарапшылар оларға міндетті түрде жауап береді және біз жаңа кездесулердің тақырыбын анықтай аламыз.

Барлығына сәттілік, қаржылық сауатты болыңыз!

Бизнес және кәсіпкерлік мектебі.