Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі - Республика күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік гимн орындалатын жаппай флэшмобтар өтті. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері мен қызметкерлері де бұл республикалық акцияға үн қосып, белсенділік танытты.
Сонымен қатар, бүгін студенттер үшін лекциялар ұлттық мерекеге арналған қысқаша баяндамамен басталды. Оқыту барысында мұғалімдер тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мемлекеттік символдардың мәні және қазіргі қоғамдағы патриоттық рухтың маңыздылығы хақында айтты.