Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың IT-колледж студенттері COVID-19 вакцинациясын ала бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Pfizer Biotech компаниясының Қазақстандағы вакцинасы, жүкті әйелдерге, сондай-ақ лактация кезеңіндегі әйелдерге, ата-аналарының ерікті келісімімен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға ғана қойылады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, Pfizer вакцинасы қауіпсіз және тиімді деп танылған, бүгінгі күні барлық клиникалық сынақтардан өткен вакцина.

Бүгінгі таңда Pfizer Biotech екпесін Қазақстанда 40 мыңнан астам адам, ал бүкіл әлемде миллиардтан астам адам салдырды.

ДДҰ 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді Pfizer-мен вакцинациялауды ұсынады. Бүгінгі таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина сынды көптеген дамыған елдердің билігі осы вакцинамен КВИ-ге қарсы балаларды вакцинациялау науқанын бастады.