Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысуды жалғастырып келеді. Осы бастама аясында жастар "Қазақстан" тауына ағаш көшеттерін отырғызуға шықты.
"Жасыл аймақ" деп аталатын экологиялық акцияның үшінші аптасы студенттер жас көшеттерді отырғызып қана қоймай, отырғызылған ағаштарды суарып, айналасын тазартып қойды.
Олардың осы акцияға қатысуы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың үлгісі болып табылады.