Қазақстанның ірі инвестициялық-құрылыс холдингінің өкілдері "Құрылыс", "Автомобиль жолдарын жобалау және салу", "Инженерлік жүйелер мен желілер", "ВИМ технологиялары", "Жылу энергетикасы", "Сәулет", "Кәсіпорындардағы есеп, талдау және аудит", "Мемлекеттік және қаржылық менеджмент" мамандықтарының 3 және 4 курс студенттеріне компанияда тағылымдамадан өтуге қалай өтініш беруге болатындығы туралы, жұмысқа орналасу перспективалары мен Қазақстанның түрлі салаларындағы жобалар жайында айтып берді.
BI Group-та тағылымдамадан өтуге өтінімдер 20 желтоқсанға дейін қабылданады. "Құрылыс", "Көлік құрылысы", "Инженерлік желілер мен жүйелер", "Жылу энергетикасы", "Электр энергетикасы", "Экономика", "Қаржы", "Есеп және аудит" сияқты мамандықтар басымдық танытады. Негізгі талаптар: дамуға деген ұмтылыс, белсенділік, нәтижеге бағдарлау, GPA 3.0 (және одан жоғары), 4 курс.
Тәжірибелерді нақтылау бойынша студенттер Г1-140-қа жүгіне алады.