Ағымдағы жылдың 21 тамызында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 305 студенті запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын меңгерген және бітіру емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша, 27943 әскери бөлімінің плацында салтанатты түрде әскери ант берді.
Іс-шараға әскери бөлім басшылығының өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен туыстары қатысты.
Әскери ант - бұл өз Отанына адал болуға ант. Оның әрбір сөзі әскери қызметшіге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғаудағы ел, халық және үкімет алдындағы зор жауапкершілігін ұдайы еске салып отырады.
Ант қабылдап, студенттер әскери борышын орындауда үлгі болуға жоғары міндеттеме алды.