Сәуір айының соңында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "Гидравлика" және "Гидрология" пәндері бойынша ХVI Республикалық студенттік пәндік Олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламасының студенттері Кәмила Мұнарбекова (20-ВРк-1), Есеназ Есқалиева (20-ВРк-1) және Яна Калиш (21-ВР-1) қатысты.
Бұл олимпиада оларға су ресурстары мен инженерия саласындағы білімдерін, дағдыларын көрсетуге бірегей мүмкіндік берді. Студенттер дайындық кезінде теория мен практиканы тиісті салаларда оқып, білімдерін нығайтты. Олар проблемаларды шешуде және практикалық тапсырмаларды орындауда кәсіби шеберлік пен аналитикалық қабілеттердің жоғары деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысу әр түрлі университеттердің студенттері арасында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етті, бұл олардың жеке және кәсіби дамуына оң әсер етеді.
Олимпиада қорытындысы бойынша Яна Калиш үшінші орынды иеленді. Республикалық студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздарын профессор Айтжан Әбдіров марапаттады. Сондай-ақ, студенттерді жақсы дайындағаны үшін ШҚТУ сәулет, құрылыс және энергетика Мектебінің аға оқытушысы Анапьянова Самал Бағдатқызына алғыс хат табыс етілді.