Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Үндістанға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының әскери кафедралары мен Үндістан Республикасы Ұлттық Кадет корпусы курсанттарының өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған халықаралық бағдарламаға қатысу үшін барды.
Биыл Үндістаннан келген курсанттардан басқа Ресей Федерациясының, Ұлыбританияның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Аргентина Республикасының, Бразилия Республикасының, Чехия Республикасының, Кения Республикасының, Сауд Арабиясының, Вьетнам Республикасының, Шри-Ланка Республикасының, Нигерия Республикасының, Малайзия Республикасының, Сингапур Республикасының және Непал Республикасының өкілдері де шақырылды.
Айта кетейік, 2024 жылғы 13-31 қаңтар аралығында ШҚТУ делегациясы Үндістан Республикасы күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға қатысу үшін Нью-Делиге барады.