Ағымдағы жылдың 29 қазаны күні «ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандары 1-2 курс студенттері арасында дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. 

Кездесудің мақсаты, студенттердің діни сауаттылығын арттыру. 

Кездесу барысында Орталық маманы С.К. Саинова студенттерге деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологияның ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілер арқылы таралуының қауіптілігі, сондай-ақ, елдегі діни ахуал жөнінде ақпараттар берді. Жастар арасында кереғар діни ағымдарға еліктеушілік пен түсінбеушіліктің бар екендігі айтылды, сондықтан осындай іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі деп айтып өтті Орталық теологы Б.Ж. Касымжанов. Сөз соңында, ол студенттерге діни білімді ғаламтордан іздемей, қажет болған жағдайда ақпаратты дін саласындағы мамандардан алуға,  сондай ақ, «8 7232 70-56-56» сенім телефонына хабарласуға кеңес берді.

Іс-шара соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылды. 

Кездесу мақсатына жетті.