Біздің университет өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына, іскерлік этика қағидаттарына және университеттің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. Осыған орай, университетімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс-қызметінің комплеанс-офицері Қуаныш Азимжанович Мықтыбаевпен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиын өткізілді. Кездесуге 1 курс студенттері қатысты. Комплеанс офицеріне студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тиісті мазмұнды жауаптарын алды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сондай-ақ, студенттерге сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты шаралар туралы толыққанды ақпарат ұсынылды.