Жастардың жан-жақты дамуына қандай жағдай жасау керек? Ойын еркін білдіре алатын парасатты тұлғаны қалыптастыру үшін қалай көмектесуге болады? Осы мақсатты жүзеге асыруда TEDx форматындағы шаралардың маңызы зор.

ТED x жобасының қонағы – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі, саясаттанушы, тіл жанашыры Әділ Сайлаубек. Еркін форматта өтетін ашық алаңға университетіміздің жалынды жастары мен студенттері қатысады.

Жақсылармен болатын кездесу жастарға мақсат қою мен алға ұмтылу үшін жаңа әрекеттерге бастама болады деп сенеміз.