ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық мобилділік орталығы еліміздегі 30 ең үздік жоғары оқу орындарының 2014 жылғы рейтингісін ұсынды, ол 10.07.2014ж. «Казахстанская правда» республикалық газетінде жарияланған еді. Орталық директоры Римма Сейідахметованың айтуынша, қазақстандық ЖОО бакалавриатының білім беру бағдарламалары рейтингісі талапкерлер мен олардың ата-аналарына болашақ оқу орнын таңдау үшін тағайындалып отыр.

Биылғы жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің көшбасшылар тобына бакалавриаттың он білім беру бағдарламасы бойынша кіруі, өңірдегі алдыңғы қатарлы университет болып, Қазақстанның 30 ең үздік ЖОО қатарына енгізілуі қуантады!