Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да академиялық және ғылыми-зерттеу қызметі бойынша республикалық кәсіби семинар-бағдарламасының үшінші күні өтуде.

Семинар жұмысының үшінші күні қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) академиялық мәселелер жөніндегі деканының орынбасары Риккардо Пелиццоның "Syllabus Design" тақырыбында сөйлеген сөзінен басталды.

PhD, ҚР жоғары аудиторлық палатасының зерттеу, талдау және тиімділігін бағалау орталығының ғылыми жобаларының жетекшісі Бауыржан Боқаев жариялау стратегиясында негізгі тәсілдерді ұсынды.

Ең қызықты баяндамалардың бірі зерттеу жұмыстарында Сhat GPT пайдалану туралы болды. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің PhD оқытушысы Данияр Сұлтан осы саладағы тәжірибесі мен білімі туралы бөлісті.

Айта кетейік, семинар 12 қаңтарда аяқталады. Бағдарламаға қатысушылар өздерінің ғылыми қызметінде одан да табысты болуға көмектесетін көптеген пайдалы ақпарат ала алды.