Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты шараны ұйымдастырған 2-ОД-1р тобы және 6-ОД-1к, 7-ОД-1к, 8-ОД-1к топ студенттері және жетекшілері Такеева Алуа Бауржанкызы, Гүлнара Жүнісқызы қатысты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолына кең көлемді шолу жасалды. Онда тәуелсіздік жылдарының жетістігін бейнелейтін сирек кездесетін фотолар мен құнды жәдігерлер көрсетілді.

Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда.

Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін.