Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті халықаралық ең үздік ЖОО-ның бірі (ТУСУР) Томск мемлекеттік басқару жүйесі және радиоэлектроника университетімен қос дипломды білім беру туралы келісімге қол қойды. Аталған бағыт білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулер, әлемдік білім беру кеңістігіне университетінің бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан ЖОО дамуының стратегиялық мүдделеріне жауап береді.
Біздің бакалавр түлектері Алмасбек Маулит, Михаил Мурзин және Гаухар Назенова екі университетте де конкурстық іріктеуден өтіп, білім беру гранты негізінде магистратураға түсті, енді екі теңдей диплом алу мақсатында екі оқу жоспары бойынша қатарынан оқу мүмкіндігіне ие болып отыр. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің «Аспап жасау» мамандығы бойынша магистратураның бірінші курсын аяқтағаннан кейін, біздің магистранттар келесі оқу жылында «Электрондық құрылғылар мен жабдықтар» мамандығы бойынша оқуларын Томск мемлекеттік басқару жүйесі және радиоэлектроника университетінде жалғастырады.
Осылайша, біздің университет техника ғылымдарының болашақ магистрлеріне ғылым мен техниканы дамытуға, олардың кәсіби қызметінде практикалық дағдылар мен теориялық білімдерді кеңейтуге, сапалы білім алулары бойынша аттаған даму сатысында тағы бір қадам жасасып, үлкен мүмкіндік беріп отыр. Халықаралық білім беру кеңістігіне Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің қос дипломды білім беруі практикалық интеграцияны дамыту үшін маңызды арна болмақ.
Аклима Крыкпаева, АТжБФ деканының орынбасары