Қазақстан-Неміс оқу және ғылым апталығы аясында Шығыс-Қазақстан облысының ірі кен орындарының біріне қазақ пен неміс ғалымдарына экскурсия ұйымдастырылды. ШҚТУ геоғалымдар мектебінің өкілдері мен оқытушылары мен Германия жоғарғы оқу орындарының мамандары Риддер қаласындағы Долинный шахтасына барды.
Риддер қаласының шығысына қарай үш шақырым жерде орналасқан кен орны «Қазцинк» мекемесінің су жаңа қазба орындарының бірі болып табылады. Зауыттың құрылысы 2015 жылы басталып, алғашқы қазба байлықтарын 2018 жылы алған болатын. Экскурсия қатысушыларына Rail Veyor атты кенді және тау жыныстарын жер бетіне жеткізуге арналған бірегей жүйені енгізу назарларына ұсынылды. Әлем бойынша бірегей жүйе дизайнының ерекшелігімен көзге түсті. Кен орнын тамашалап болған ғалымдар Риддер тау-кен байыту кешеніне бет алды. Мұнда Тишинский, Шубинский және Риддер-Сокол кен орындарының қазбаларымен қоса ескі қалдық қоймасынан алтын құрамы бар кендері де өңделінеді. Сонымен қатар экскурсия қатысушыларына шикізатты өңдеу бағыты бойынша түрлі технологиялық схемаларымен бөлісті. Фабриканың өнімі металдардың концентранттары кейіннен металлургиялық кешендерге қайта өңдеуге Өскемен және Риддер қалаларына жіберіледі.
Экскурсия соңында ғалымдар делегациясы тау-кен өнеркәсібінің мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру үдерісімен танысу мақсатында оқу орталығына барды. Қазақстан-Неміс оқу және ғылым апталығы бұдан әрі де жалғасын таппақ. Бұл дегеніміз екі елдің ғалымдары өзара тәжірибе алмасып, ғылымның әртүрлі салаларында білімдерін нығайтуға таптырмас мүмкіндік болмақ.