«Ғылым аптасы» аясында «Оқуды үйрену» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің адами капиталды басқару және дамыту менеджменті бойынша аға оқытушысы Мадина Сагидуллина 1 курс студенттеріне әлемдегі танымал «Learning How to Learn» онлайн-курс негіздерімен үйренудің және зерттеудің тиімді техникаларымен таныстырды. Тренинг форматы еркін кәсіби диалог түрінде ұйымдастырылып, қатысушылардың көпшілігі өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысты.
Өмір бойы білім алу (lifelong learning) - бұл жеке немесе кәсіби мақсаттар үшін «үздіксіз, ерікті және өзін-өзі ынталандыратын» білімге және үйренуге ұмтылу процесі. Оның студенттерге беретін негізгі артықшылықтары жұмысқа қабілеттілік пен бәсекеге қабілеттілікті және жеке дамуды арттыру. Сондықтан біздің университет осы концепцияны ұстануда, және студенттерімізді дамытуда дағдылармен күшейтуде. Ұлы Абай Құнанбайұлы өзінің 18 қара сөзінде "...тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ..." деген екен, және осындай мақсатқа жетуге, студенттерге әр түрлі өзгерістерге икемденіп мүмкіндіктерді қолдана білу үшін қажетті үйрену дағдысы (learning skills) тренингі ұйымдастырылды
Мадина семинарда доктор Барбара Оаклидің «Learning how to learn» курсының негізінде ми және оның құрылысы мен үйренудің тиімді әдістерін түсіндірді. Сонымен қатар қалай прокрастинацияны жеңіп, жадыны дамытудың тиімді әдістермен таныстырды. Соңында кез келген оқу процесінде, үйренуде, ғылыми жобаларды орындау және карьерада тиімді орындау және мақсатқа жету жолдары жайлы ақпаратты көрсетті. Тренингте мектептің 2, 3, 4 курстың үздік студенттері Ерен Геминхан, Ажар Даутханова, Айдана Әскербек, Томирис Тоқтарбекова және Аружан Орал студенттерге өздерінің тиімді үйрену және зерттеу бойынша кеңестерімен бөлісті. Студенттер өздерінің сұрақтарын және өзекті мәселелерін шешуде дискуссия жасады.
Сонымен қатар, университеттің ғылыми жобалар бойынша келісімшарттық зерттеулер кеңсесінің бас маманы, Альмира Жунусова және Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің қауымдастырылған профессоры, Салтанат Суйеубаева тренинг студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін дамытуда маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.