Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесінде Сіздерге денсаулық, махаббат, бақыт және амандық тілеймін! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер! Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін!

Басқарма Төрағасы-ректор,
Сәуле Рахметуллина