Сіздерді Халықарылық әйелдер мерекесімен құттықтаймын!

Жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың мейірімі сияқты көктемнің алғашқы мерекесі де келіп жетті. Әйел – отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Бүгінгі таңда біздің университетте 557 әйел адам жұмыс істейді. Олар ғылыммен айналысып, халықаралық деңгейдегі жобаларға жетекшілік етуде. Үздік нәтижелерге қол жеткізіп, студенттерге жақсы үлгі көрсетуде.

Халықарылық әйелдер мерекесінде ШҚМТУ ұжымының аруларына денсаулық, махаббат, бақыт және амандық, туған-туыстарыңызға игілік тілеймін!

Ректор Жасұлан Шаймарданов