ШҚТУ-ға «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту» бағдарламасын іске асыру аясында шетелдік ғалым, Ph.D докторы Wroclaw University of Science and Technology (Польша) университетінің қауымдастырылған профессоры KOWALEWSKI PIOTR STANISŁAW келді. Қонақты негізгі инженерлік дайындық факультеті қабылдады.
2021 жылдың 1-30 қараша аралығында профессор «Техникалық физика» ББ 6В05301 (5В072300) студенттері үшін «Fundamentals of tribology» пәні бойынша дәрістер оқиды және практикалық сабақтар өткізеді. Сонымен бірге, «Техникалық физика» мамандығының докторанттары мен магистранттарына ғылыми кеңестер береді.
Шетелдік ғалымның сапары аясында профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер мен магистранттар ғылым, оқытудың жаңа технологиялары саласында тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Алған білім мен тәжірибе түлектерімізге әрі қарай оқуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектесетініне сенімдіміз.