Студенттік жастар арасында дінтану білімі мен мәдениетін қалыптастыру іс-шараларын өткізу шеңбері аясында Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдері теолог, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқан мен маман Беккалиева Айжан дәріс өткізді. Кездесулер ағымдағы жылдың 2, 4, 5 қазан күндері бірінші курс студенттері арасында өтті.

Кездесудің мақсаты, студенттерге Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясатының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.

Кездесу барысында Орталық спикерлері студенттерге деструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі, радикалды идеологияның ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілер арқылы таралу жолдары, бүгінгі күндегі елдегі діни ахуал жөнінде ақпараттар беріп, деструктивті діннің жетегінде кеткен террористік топтардың құрбандарының өмірлеріне қатысты ресми деректерден мысалдар келтірілді. Сөз соңында, студенттерге діни білімді ғаламтордан іздемей, қажет болған жағдайда дін саласындағы мамандарға жүгінуге кеңестер берілді.

Сондай ақ, дінтанушы ғалым К.Тышқан ислам дінін жамылған жат ағымдардың белгілері мен діни фанатизмнен әсіресе, жастарға сақтанудың жолдарын атап өтіп, ислам дінінің асыл қасиеттерін көзбояушылық пен дарақылыққа айналдырып жүргендердің ісіне наразы екендігін, сол үшін халықты діни сауаттандыру әлі қажет екендігін басып айтты.

Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар берілді. Кездесу мақсатына жетті.