ШҚТУ университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгеровна және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің комплаенс офицері Мықтыбаев Қуаныш Әзімжанұлы республикалық және басқа бюджеттерден қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыру үдерістерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау мәселесі бойынша университеттің ғылыми жобалары мен бағдарламаларының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Басқарма Төрағасы-Ректор бөлінген бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалануға бағытталған ғылыми жобаларды іске асырудың жалпы талаптары мен қағидаттарын жеткізді. Бұл ретте, ғылыми жобаларды іске асыру процесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау - бұл барлық тараптардың: басшылықтың, қызметкерлер мен студенттердің күш-жігерін біріктіруді талап ететін процесс екендігі атап өтілді. Бақылауды, оқытуды және ашықтықты қамтамасыз етуді қамтитын жүйелі тәсіл ғана сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және ғылыми қызметтің тиімді және адал дамуына жағдай жасауға көмектесетіндігі туралы айтып өтті.
Комплаенс офицері өз сөзінде ғылыми жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі аспектілерін атап өтті және ашықтық пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұсынды. Ғылыми зерттеулерді іске асыру кезінде қаражатты тиімсіз, мақсатсыз пайдалану мен ұрлаудың ықтимал схемалары келтірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің заңды салдары жеткізілді.