Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 30 мамырдан бастап жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары бойынша дипломдық жұмыстарды/жобаларды, магистрлік диссертацияларды/жобаларды қорғау бойынша қорытынды тестілеу басталды. Тестілеу комиссиясының жұмысы 11.06.2022 ж. дейін жалғасады.
Бакалавриаттың 65 Білім беру бағдарламасы бойынша 35 тестілеу комиссиясы жұмыс істесе, жұмыс қорғауға 1145 студент кіргізіледі. Магистратураның 25 білім беру бағдарламасы бойынша 33 тестілеу комиссиясы жұмыс істеп, 199 магистрант жұмысын қорғауға жіберілді.
Тестілеу комиссияларының құрамына ірі кәсіпорындар, қала мен облыс мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, біздің және басқа да жоғары оқу орындарының профессорлары кіреді. Дипломдық жобаларды қорғау тек университет қабырғасында емес, серіктес кәсіпорын-"Қазмырыш"ЖШС базасында өтетінін атап өткіміз келеді.
ШҚТУ - да CDIO қағидаттары бойынша студенттерді практикаға бағытталған оқыту аясында келесі кешенді дипломдық жобаларды қорғау жүзеге асырылады:
- Ауыл шаруашылығын басқаруды жетілдіру үшін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) технологияларын енгізудің ғылыми-әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу(5b050700 "Менеджмент", 5B090300 "Жер құрылымы", 5B070300 "Ақпараттық жүйелер")
- Инновациялық стратегияны әзірлеу негізінде энергетикалық компанияның көміртегі ізін азайту ("Согра ЖЭО" ЖШС мысалында)" (5B051100 "Маркетинг, 5b071700 "Жылу энергетикасы").
Барлық түлектерге қорытынды тестілеуден сәтті өтуді тілейміз!!!