2022 жылғы 21-22 сәуір аралығында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» ББ студенттері мен ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында XIV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі оффлайн форматта өткізіледі.
Республикалық олимпиада «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» пәні бойынша өткізіледі. Олимпиадаға аталған ББ жоғары оқу орындарының, күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатыса алады. Жоғары оқу орны олимпиаданың іріктеу (ЖОО ішіндегі) кезеңінде (қазақ, орыс тілдерінде) бірінші орын алған 3-тен аспайтын қатысушыны ұсына алады. Сіздің университетіңіздің І турдан өткен студенттерін осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысу үшін студенттерді ұсыну кезінде жоғары оқу орны келесі құжаттарды жолдайды:
- Олимпиаданың қорытындылары туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған хат немесе жоо ғылыми кеңесінің шешімі, ол кезеңге қатысу үшін ұсынымдармен хаттамамен ресімделеді;
- Республикалық пәндік олимпиада кезеңіне қатысуға өтінім (әрбір қатысушыға толтырылады). Өтінімнің форматы қоса беріледі. Олимпиадаға қатысуға өтінім 2022 жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей келесі электронды мекен-жайға ұсынылуы тиіс: olimpiada_ektu_2022@mail.ru, zhidrisheva@edu.ektu.kz. Қатысуға өтінім нысаны қоса беріледі.
- Олимпиада қатысушыларына жеке басын сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет. Олимпиадаға қатысу үшін іссапар шығындары жіберуші Тараптың есебінен төленеді.
Танысу үшін ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында XIV Республикалық пәндік олимпиаданы (ІІ кезең) ұйымдастыру және өткізу мәселелерін ұсынамыз.
1. Олимпиаданың ашылу салтанатына, сондай - ақ «Команданың үздік визит карточкасы» номинациясына қатысу үшін әр командадан шағын визитка ұсыну қажет (ұсыну нысаны-еркін, 5 минутқа дейін).
Визитка олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне 2022 жылдың 18 сәуіріне дейін (қоса алғанда) келесі мекен-жай бойынша ұсынылады: olimpiada_ektu_2022@mail.ru (міндетті түрде: zhidrisheva@edu.ektu.kz ).
2. Теориялық тур ШҚТУ компьютерлік сыныбында өтеді.
- а. тапсырмаға қол жеткізу үшін Құпиясөзді ұйымдастыру комитетінің қызметкерлерінен әрбір студент алады.
- b. ұйымдастыру комитетінің қызметкері барлық студенттерге қолжетімділік құпия сөздерін таратады.
- c. тапсырмаларды орындауға қол жеткізу теориялық турдың басталуының қатаң белгіленген уақытында ашық болады.
- d. олимпиада тапсырмаларын орындау ұзақтығы 90 минут.
Команда мүшелері тапсырмаларды орындайтын аудиторияның бейне жазбасы қамтамасыз етіледі.
Теориялық турдың максималды балы-60 балл. Практикалық турға жалпы балдың 50% жинаған олимпиада қатысушылары өтеді.
3. Практикалық тур ситуациялық есептерді шешу түрінде өтеді. Практикалық тур максималды 40 баллға бағаланады. Әрбір қатысушы ситуациялық тапсырмалар бойынша өз шешімін қорғайтын болады.
Анықтама телефондары: + 7-775-543-59-76 Идришева Жанат Кабылбековна, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы.
Тікелей эфирді сіз көрсетілген сілтеме бойынша көре аласыз.