Бүгінгі күн Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде талантты дарынды мектеп оқушыларын біріктірген ерекше күн болғаны анық. Университетіміздің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында "ЖАС ТАЛАП KZ" олимпиадасының қорытынды туры өтті. Бұл олимпиада кең байтақ еліміздің түкпір -түкпірінен ең үздік, ең талантты 600 ге жуық 9,10,11 сынып оқушыларын жинады. Абай, Ақтөбе, Қызылорда, Талды-Қорған, Шығыс Қазақстан облыстарынан 200-ге жуық дарынды балалар ақтық сынға өтіп, физика, математика, информатика, химия, биология, география, сызу және сурет салу пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды орындап, «Білім» шыңында сайысқа түсті. Олимпиаданың ашылу салтанатында университеттің Академиялық қызмет басқармасының бастығы Машекенова Асия Хасеновна, Шығыс Қазақстан облысы «Дарын» ғылыми-практикалық оратылығының директорының орынбасары Искакова Клара Сериковна қатысушыларға білімге деген құштарлық оятқан дарындылықтың сайысында сәттілік тіледі.

  Барлық фотосуреттер