Бүгін Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ базасында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының басшысы Болат Жәмішев өңір бизнесмендерімен, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстелге Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Александровна Булавкина, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Сабырұлы Буктугутов қатысты.
Қор төрағасы Болат Бидахметұлы қордың қызметі, оның қандай бағыт бойынша және қандай жобаларды қаржыландыратыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ауыл мектептерін жабдықтауға үлкен көңіл бөлініп отырғаны қуантады. Қаражат бөлінетін екінші маңызды бағыт - медицина. Науқас балаларға көмектесуден бөлек, протездеу жобалары туралы сөз болды.
Қор төрағасы Болат Жәмішевпен кездесу өте мазмұнды және қызу өтті, Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық ұйымдары өкілдерінен көптеген сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті, бұл халықтың жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.
Кездесуден кейін Болат Жәмішев Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылыми жобаларымен танысты.