Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 2023-2024 оқу жылының денсаулық және спорт орталығының спорттық және бұқаралық іс-шаралар жоспары аясында «Университет мықтысымын» ұранымен үстел теннисі, дартс және шахматтан жарыс өтті.

Түрлі деңгейдегі қатысушылар өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті, өзара түсіністік пен спорттық бәсекелестік атмосферасы жоғары деңгейде болды.

Жарыс қатысушылар үшін өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетудің тамаша мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар университет қауымдастығын салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өтті. Қатысушылар спорттың университеттің күнделікті өміріндегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

  Барлық фото