5 ақпанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы - ректор Рахметуллина Сәуле Жадігерқызының басшылығымен Басқарма отырысы өтті. Күн тәртібінде университеттегі құзырет орталықтарының қызметі мен даму жоспарлары туралы мәселелер көтерілді.

Мансап орталығының қызметі туралы орталық директоры Трофименко Светлана Александровна айтып берді. Оның баяндамасында орталықтың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды: халықаралық нарық бағытында жұмыс істеу, ШҚТУ студенттері мен оқытушыларына кеңес беру үшін халықаралық деңгейдегі шақырылған практик мамандармен жұмыс істеу нұсқаларын қарастыру, университеттің жоғары курс студенттері мен "Простор" ЛЭК базасында жас мамандардың бірлескен тимбилдингін өткізу, түлектердің кәсіби мансап жолын имидждік ілгерілету тұжырымдамасын қарастыру, сондай-ақ, студенттердің түлектермен кездесулерін өткізу.

Құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының басшысы Руденко Ольга Владимировна өз орталығының жобалары - ШҚТУ-дың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлескен жұмыстар, сондай-ақ зертханалардың жұмысын жақсарту туралы айтып берді.

Энергетика саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының жұмысы мен даму перспективалары туралы Фафенгут Александр Готфридович айтып берді. Орталық - студенттерді оқытудың тәжірибеге бағытталған бөлігімен және университет бойынша түрлі жұмыстарды орындаумен айналысады. Келешекте жүйелі оқыту және орталық қызметкерлерінің құзыреттерін алу есебінен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырудың тиімділігін арттыру жоспарда. Алайда, бұл үшін Орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет екенін атап өтті.

Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының басшысы Валентина Павловна Колпакова өз бөлімшесінің қызметі мен болашағы туралы айтып берді. Орталық қызметкерлері үнемі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындап, біліктілігін арттыруда. Алайда, "Су ресурстары және суды пайдалану" білім беру бағдарламасы бойынша елімізде талапкерлердің жетіспеушілігі айтарлықтай сезіледі. Жұмыс берушілердің сұраныстарының саны түлектер санынан асып түседі.