Республика күніне орай Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің аға оқытушысы Нурсадыкова Роза Канашевнаның бастауымен ерекше ашық сағат өткізілді. Негізгі мақсат — жастардың ел болашағына деген жауапкершілік сезімін оятып, елдің көркеюіне белсенді араласуға шақыру.
Бұл іс-шарада студенттерімізге тәуелсіздік жолындағы басты оқиғаларды еске салып, патриотизм мен бірліктің маңызы атап өтілді. Студенттер ел тарихының маңызды кезеңдері жайлы біліп қана қоймай, патриоттық рухпен сусындады.
25 қазан — еліміз үшін ерекше күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, ұлттық егемендігіміздің іргетасы қаланды. 2001 жылы ресми мереке ретінде белгіленгенімен, кейінірек мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып, 13 жыл өткен соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қайтадан ұлттық мереке дәрежесіне ие болды. Бұл күні егемендіктің маңызын түсініп, бірлігімізді, ынтымағымызды атап өтеміз. Қазақстанның дамуы – халқымыздың табандылығы мен еңбегінің нәтижесі
Шара барысында бейнежазбалар көрсетіліп. әртүрлі сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтар арқылы студенттердің білімі мен ойын тыңдап, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Әр сұрақ-жауап бөлімінде ең белсенді қатысушыларымыз шағын сыйлықтарға ие болды, бұл мерекелік кештің ерекше естелігі болды!
Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар еліміздің жаңа саяси үлгіге көшуін, әр азаматымызды еліміз үшін ортақ жауапкершілікке шақыратын бұл мереке бірлігімізді нығайта түсетіні анық!