Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ –да Наурыз мейрамына орай 19 наурыз - шымырлық пен шеберлік күні шахмат пен тоғызқұмалақтан ашық турнир өтетін болады.

Жарысқа қатысуға мектеп құрама командалары мен ШҚТУ қызметкерлері шақырылады.  Барлық мектеп декандары "Наурыз мейрамын" мерекелеу бойынша жарыстардың бағдарламасына сәйкес қатысушыларды қамтамасыз етуі тиіс.

Сайысқа әр мектептен 2 қыз бен 2 жігіт қатысу керек. Яғни бір мектептен шахматқа 2 қатысушы, тоғызқұмалаққа 2 спортшы жіберіледі. Әр команда бірыңғай спорт формасымен жабдықталуы керек. Турнир университеттің спорт залында сағат 10:00-де басталады.

Жарыстың нәтижесі бойынша, I - II - III орын алған командалар мен ойыншылар тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

ПОЛОЖЕНИЕ о проведений открытого турнира ВКТУ по празднованию «Наурыз мейрамы» и шымырлық пен шеберлік күні