2024 жылдың 7 қарашасында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында «Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді науқан жүргізу» жобасы бойынша студенттермен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараның шымылдығын ШҚТУ ректоры Сәуле Жәдіргерқызы өзінің сөзімен ашты. Артынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің бастығы Молдабеков Айдын Қапарұлы жалғастырды - «Біздің департамент пен жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып Экономикалық заң бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында көлеңкелі экономиканың алдын алу бағыты бойынша жаңа жоба іске қосылды. Аталмыш жоба аясында жастар арасында қаржылай сауаттылықты арттыру үшін түрлі интелектуалды ойындар және тағы басқа іс шаралар ұйымдастырылуда. Назарларыңызға сала кетсек, қазіргі таңда жас буын өкілдері арасында ойындарға әуестік белең алуда. Оның кесірінен ойыншылардың өзі ғана емес маңайындағы жақындары да зардап шегуде. Қаржылай пирамидаға жастардың қатысуларының жиілеп кеткендігін айтқым келеді. Абай болуларыңызды сұраймын. Егер сіздерді әлеуметтік желілерде жоғары төлем жасалатын күмәнді жобаларға сөйлесу чаттарына қосылуға шақырса олардың арбауына түспеулеріңізді сұраймыз» деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Серік Маратұлы университеттің ішкі нормативтік құжаттарында және қолданысындағы құқықтық актілерде «Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді науқан жүргізу» жобасы бойынша пайдаланылатын негізгі қаржылық қызметті алу барысында туындайтын түрлі заң бұзушылық факторларын атап тізіп берді.

Жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы

Тайгаранова Жанар жұмыстың бұл бағытында құмар ойындарға тәуелділік құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін жағдайлар мен себептерді анықтаудың маңызды екендігін атап өтті. Оның айтуынша, құмар ойындарға тәуелділік тәуекелдерін ерте кезеңде анықтап, тиісті шараларды қабылдау университеттің ішкі этикалық нормаларын сақтауға және білім беру жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Шара барысында экономикалық ресімдеу және бағалау бойынша бірқатар түсініктемелер берілді. Бұл кезеңде құмар ойынға тәуелділік тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелері, оларды бағалау әдістері және алынған деректерді жүйелеу мәселелері талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар спикерлерге өздерінің көкейінде туындаған түрлі сауалдарын жаударып, өздерінің белсенділіктерін аңғартты.

«Жақындарымыздың ойындарға тәуелділігін қалай аңғарсақ болады?» - деген сауалға Ермек Маратұлы былай деп жауап қатты: «ойынға құмарлық ол психикалық ауру түріне жатады. Сондықтан оны да бастапқы сатысында аңғарып оны емдеуге болады. Көңіл күйдің тұрақсыздығы, қызығушылықтарының дереу өзгеруі(спортпен шұғылданып жүрген болса онымен айналыспай кету), ойыннан ұтқан болса дефомин бөлініп адамда мәрт болып кетеді (жаңа телефон алуы мүмкін) яғни қомақты ақша пайда бола қалуы мүмкін және тағы бір белгісі қарызға ақша алуы жиіліп кетеді. Жоғары оқу орын студенттері осы отырыстан өздерінің қаржылай сауаттылығын арттырып қазіргі таңда белең алып жатқан талай айлакерлердің торына түспеудің амалдарын ойларына түйді.

Бұл шара университеттің студенттердің қаржылай алаяқтардың арбауына ілікпей, белгісіз қаржылай ұйымдарға қарызға кірмеуді және құмар ойындарға тәуелділікке қарсы саясатты жүзеге асырудағы маңызды қадам болмақ және бұл дегеніміз әділеттілік принциптерін сақтау үшін маңызды негіз болып саналады.