Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да университеттің Академиялық Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа АБЖ мүшелері, мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, білім беру бағдарламаларының басшылары және қонақтар қатысты.
Академиялық Кеңесте 2024-2025 оқу жылына қабылдау үшін барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларының тізбесі бекітілді, сондай-ақ ШҚТУ-да дуальды оқытуды ұйымдастыру туралы ережелер қаралды.
«Инженерлік білім беру көшбасшылары» бағдарламасын жүзеге асыру туралы халықаралық инженерлік мектебінің деканы Рахметуллина Жеңісгүл Төлеуханқызы баяндама жасады. Сондай-ақ, отырыста онлайн және МООС курстарын әзірлеу және оқу процесіне енгізу нәтижелері туралы және профессорлық-оқытушылық құрам ашық сабақтар мен өзара сабақтар өткізуді талдау туралы баяндамалар тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша университеттің академиялық қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.