Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы - Ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының қатысуымен басқарманың бірінші отырысы өтті.

Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

  • Super App қосымшасы туралы;
  • 2023-2024 оқу жылына ПОҚ жариялау белсенділігі туралы;
  • ШҚТУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру туралы.

Өз кезегінде профессорлық-оқытушылық құрамның жариялау белсенділігі туралы мәселе бойынша ұсыныстар айтылды.

Ректорат қатысушылары сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алынды.