Елімізде ағымдағы жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Әр күн арнайы тақырыпқа арналды. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар.
Осыған орай, университетімізде 5-6 қыркүйек күндері ҚР ҒЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитетінің тапсырмасы бойынша отбасы күнін мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
5 қыркүйек күні «Шығыс» профилактикалық медицина орталығы» медициналық мекемесінің маманы А.М. Джембаева «Дені сау ұрпақ» тақырыбында студенттерге жастар арасында девиантты мінез-құлықтағы қауіп факторларының алдын алу мәселелері, атап айтар болсақ, темекі шегу, алкоголизм, есірткі және электронды темекінің қауіптілігі жөнінде баяндама жасады.
6 қыркүйек күні «Мықты отбасы - мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында ардагерлер Кеңесінің төрағасы Л.С. Сергиенко студенттерге университетіміздің қалыптасып дамуына зор үлес қосқан ректорлары мен ғалымдарының отбасылық әулеттері жөнінде патриоттық, танымдық-тәрбиелік ақпарат беріп, олардың өмірлерінен қызықты мағлұматтармен бөлісті.
Кездесу барысында спикерлер презентация мен бейнероликтер көрсетіп, студенттердің назарын аударып, аудиториямен кері байланыс жасай білді.