24 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Қазақстан Ядролық Қоғамы қауымдастығы ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Интеллект формуласы» интеллектуалды ойындар чемпионатының өңірлік ойындары өтті. 

Еске сала кетейік, чемпионат Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусь елдерінің көптеген командаларын біріктіреді. Конкурс «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды клубы форматында өтеді, бұл ойынның келесі жылы 50 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. 

Бұл жолы өңірлік ойындарға Өскемен және Риддер қалаларындағы мектептердің атынан 9 команда қатысты. 

Жарыс басталар алдында, дәстүр бойынша, қатысушыларды Қазақстан Ядролық Қоғамы қауымдастығы жанындағы атом технологиялары ақпараттық орталығының директоры Сейіт Әлиев құттықтады:

- Біздің міндетіміз - өсіп келе жатқан ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, мейлі ол медицина, экология, энергетика сияқты кез келген салада болсын. Сондықтан ойынның сұрақтары физика, әдебиет, география, тарих және ғылыми жаңалықтар тақырыптарында болады. Сонымен қатар, біз балалардың назарын Қазақстандағы техникалық жоғары оқу орындарына аударғымыз келеді, елде 120 ЖОО-ның тек 11-і техникалық бағытта. Сондықтан техникалық университеттердің студенттері, расымен де, біздің «Нео» - таңдалғандар. Барлық қатысушыларға қызықты ойын мен сәттілік тілеймін!

Іс-шарада сонымен қатар Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Ақаев, «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметінің маманы Рәзия Сартаева, Өскемен қаласындағы Орыс үйінің өкілі Вера Правдина қатысты. 
Конкурс екі турдан тұрды. Мектеп командалары интеллектуалды ойынның 30 сұрағына жауап беруде белсенді жарысты. Айта кету керек, сұрақтар өте қиын болды, олар тек терең білімді ғана емес, сондай-ақ тапқырлықты, талдау және абстрактілі ойлау қабілетін талап етті. Ойыншылар бір минуттың ішінде дұрыс жауапты табуы керек болды, кейбір командалар уақыттан бұрын да жауап беріп үлгерді. 

Ойын тек қатысушыларды ғана емес, көрермендерді де, оның ішінде мектеп мұғалімдерін де сергек ұстады. Бұл шынымен де жоғары интеллектуалды сайыс болды!
Өңірлік турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінің «Без комментариев» және Өскемен қаласының №12 мектеп-гимназиясының ALKALINE командалары атанды. 26 қазанда дәл осы командалар Қазақстан атынан Өзбекстан, Беларусь және Ресейден келген ойыншылармен бірге 6 команда құрамында сайысқа түседі. Біздің білгірлерге үлкен жетістіктер және, әрине, Жеңіс тілейміз!
И вот вторая

ШҚТУ-да «Менің жетістігім - менің нәтижем» атты тәрбие сағаты өтті
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Менің жетістігім - менің нәтижем» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты қонағы - техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық инженерия мектебінің аға оқытушысы Владимир Николаевич Вдовин болды. Ол жас мамандармен өзінің тәжірибесі мен жетістіктерімен бөлісті.

Ғылым мен педагогикаға 43 жылын арнаған Владимир Вдовин Қазақстанның көлік қызметі саласына айтарлықтай үлес қосты. Ол жұмыс жылдары Риддер, Өскемен және Семей қалаларында маршруттық желілерді қайта ұйымдастыру жобаларын басқарып, жолаушылар тасымалы бойынша конкурс комиссияларының жұмысына белсене қатысты, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі қызметін атқарды.

Кездесу барысында Владимир Вдовиннің жүріп өткен жолы негізінде маманның кәсіби дамуына арналған мысалдар, кәсіби маман болу үшін қажетті қасиеттер, сондай-ақ заманауи жастардың қоғам мен мемлекет дамуына қатысуы мәселелері талқыланды.

Студенттер дискуссияда өздерінің белсенділігін көрсетіп, кәсіби қалыптасу мен қазіргі заманғы жағдайда экономикалық қауіпсіздіктің маңыздылығын талқылады.
Мұндай іс-шаралар жас мамандардың кәсібилікке және қоғам мен елдің игілігі үшін адал еңбек етуге ұмтылуына ықпалын тигізеді.