Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 2024-2025 оқу жылына арналған Ғылыми кеңестің бірінші отырысын өткізді. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен жиында, университеттің студенттердің оқуды бастауға дайындығы талқыланып, бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің оқу жоспарлары бекітіліп талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібінде ШҚТУ Ғылыми кеңесінің жұмыс жоспары, «доцент (доцент)» ғылыми атағын беруге кандидаттың ұсынысы, монографиялар мен ұсыныстарды басып шығару талаптары мен тәртібі туралы ережелері қаралды.
Жиын басталмас бұрын басқарма төрағасы - ШҚТУ ректоры Сауле Рахметуллина ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттарды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі металлургия өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі, қажырлы еңбегі мен жоғары жауапкершілігі үшін марапатталды. Атап айтқанда Халықаралық инженерлік мектебінің аға оқытушысы Рамазанова Райгүл, Халықаралық Инженерлік мектебінің оқтшысы Бахтиярова Зухра, Халықаралық инженерлік мектепп кафедрасының профессоры Абдулина Сауле, Халықаралық инженерлік мектебінің аға оқытушысы Еркешева Меруерт, Халықаралық инженерлік мектебінің доценті Әділқанова Меруерт марапатталды.
Ғылым саласындағы жетістіктері үшін ҚР ҰҒА академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгілері геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Жер туралы ғылымдар мектебінің доценті Мизерная Маринаға, сонда-ақ ғылыми зерттеулер бөлімінің директоры, доцент Уазырханова Гүлжаз және «Smart Engineering» құзыреттілік және жетілдіру орталығының жетекшісі Азаматов Бағдат.
Басқарма мүшесі - ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Қоңырбаева Жадыра өз сөзінде ШҚТУ-дағы қазіргі және болашақтағы ғылыми жобалардың сандық және сапалық әлеуетінің арту, міндетті түрде ғылыми басылымдар бойынша жұмыс жасалып , докторантураға түсу, жұмыстың жетілдірілуін атап өтті. Университеттің құзыреттілік және трансферт орталықтары, халықаралық ғалымдармен ынтымақтастық және 2025 жылға арналған ғылыми зерттеулерді дамыту жоспарымен таныстырды.
Басқарма мүшесі - оқу ісі жөніндегі проректор Машекенова Асия ШҚТУ-дың жаңа оқу жылының басталуына дайындығы:білім беру бағдарламасы санын жаңарту және көбейту, студенттер мен қабылдауды арттыру, оқу жүктемесін бөлу, құрам туралы айтты сондай-ақ шақырылған профессорлық-оқытушылық құрамның, қағаз және электронды кітапхананың және ШҚТУ-дың Құзіреттілік орталықтары мен жатақханаларының студенттерді қабылдауға дайындығы туралы айтты.
Басқарма мүшесі - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сарсембаева Арайлым студенттердің жоспарланған академиялық ұтқырлығы бойынша, «Болашақ 500 ғалым» бағдарламасының жоспарлары мен шетелдік студенттерді қабылдау және Қазақстан-Германия ғылым және технология институтын пайдалануға беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Сондай-ақ Ғылыми кеңесте ШҚТУ инфрақұрылымының жаңа оқу жылына дайындығы (білім ғимаратында, зертханаларда, оқу кабинеттерінде, шеберханаларда және жатақханаларда жүргізілген жөндеу жұмыстары) есептері тыңдалып көрсетілді .
Жоғарыда айтылғандардан басқа, ШҚТУ Ғылыми кеңесі бірауыздан PhD докторы Жоматқызы Гүлназға «доцент (доцент) ғылыми атағын беруге ұсынуға бірауыздан дауыс берді.