Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма Төрағасы Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының қатысуымен ректорат отырысы өтті.
Күн тәртібінде интернацияландыру, халықаралық қарым-қатынас мәселелері, университет жобалары, ғалымдардың жарияланымдары тақырыптары талқыланды.
Жоғары оқу орнының қабырғасында түрлі елдердің елшілерімен кездесулер, жиындар, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып келе жатыр. Келіссөз алаңында университетаралық байланыс, алыс-жақын елдер азаматтарының біздің білім ордамызда оқу ниеті туралы айтылды. Осы және өзге де ұсыныстар, шетелдік азаматтарды тарту сұрақтары қаралды.
Жиын соңында, ғалымдар қолға алып, жетекшілік еткен жобалар, ғылыми жарияланымдар реттілігі жайында пікірлер тыңдалды.