21-23 ақпан аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шара Қазақстан Экологиялық ұйымы ассоциацисымен @aeokazakhstan «StopMusor» әлеуметтік жобасы @stopmusorkz аясында ұйымдастырылды.
ДАРМАРКА 21 ақпан күні ШҚТУ бас корпусының фойесінде, сағат 9.00-де басталады.
Дармарка – адамдар өздеріне қажетсіз, бірақ кәдеге жарамды заттарды әкеліп, қажетті дүниелеріне айырбастайтын жәрмеңке.
Пайдалы затты тапсырып, қажеттісін ал! Қоршаған ортаны қорғауға бір қадам жаса.
- Талап: Заттар таза, әрі жақсы күйде болуы қажет. Түрлі заттар, кітаптар, аксессуарлар, балалар ойыншықтарын жарамды.
- Өтетін күні: 21-23 ақпан
- Уақыты: 9.00-ден 12.00-ге дейін.