Ұжымдық иммунитет деңгейін арттыру мақсатында вакцинация бойынша профилактикалық іс-шара негізінде ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде сағат 14.00-де эпидемиолог дәрігер А.М. Оспанова университет студенттерінің алдында дәріс оқыды.

Кездесу Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасымен барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын сақтай отырып, Г 1-101 аудиториясында ұйымдастырылды.

Кездесуден кейін студенттер университеттің Бас ғимаратының алдына келген мобильді тобынан Cоvid-19-ға қарсы вакцина алуларына мүмкіндіктері болды.