ШҚМТУ әскери кафедрасына 14 адамнан құралған (2 офицер және 12 кадет) Индия Ресубликасының Ұлттық Кадет Корпусының делегациясы жұмыс сапарымен келді.

Іс –сапар Ұлттық кадет корпусы мен ҚР жоғары оқу орындарының әскери кафедралары арасындағы Халықаралық бағдарлама бойынша өтуде.   

Бағдарлама, қол жұмсайтын ұрыс, саптық дайындық, бойынша тәжірибе алмасу және кафедра құрамымен, техникаларымен, жабдықтарымен танысудан тұрады.  

Делегацияның келуі барысында ҚР туралы біліммен алмасу бойынша  «Дөңгелек үстел», республика және қалалары туралы  презентация,сонымен қатар екі жақтан концерттік бағдарлама өтеді.  

Шет елдік қонақтарға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ нышанымен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Индия Ресубликасының Ұлттық Кадет Корпусының өкілдерінің іс-сапары осы жылдың 22 мамырына дейін жалғасады.

ШҚМТУ әскери кафедрасы