Университеттің колонналық залында Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елішісі Франсис Етьеннің өзара ынтымақтастық және іскерлік қарым-қатынас шеңберінде университет басшылығы және қызметкерлерімен ресми сапары болды.
Дөңгелек үстел басында Қазақстан мен Францияның университеттерінің ынтымақтастығының келешегі, соның ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен ғылыми-зерттеу және оқытушылардың, әкімшіліктің, студенттердің екіжақты тәжірибе алмасуы бойынша талқылау болды. Қонақтар университеттің зертханалыр мен ғылыми-өндірістік бөлімшелерін аралады. Кездесу соңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ нышаны бейнеленген естелік сыйлықтар табыс етілді.