Байқау "GREEN CAMPUS" ауқымды жобасы аясында басталады. Байқаудың мақсаты-ЖОО бөлімдері мен кафедраларында салауатты, экологиялық микроклиматты қалыптастыру, ұжымның жұмысы үшін қолайлы және эргономикалық жағдай жасау.
Конкурсқа штаттық бірліктердің санына және орналасқан үй-жайлардың ауданына қарамастан ЖОО-ның барлық бөлімшелері қатыса алады. Арнайы комиссия бағалайды:
- жұмыс орындарының эргономикасы және қызметкерлер санына сәйкес жабық өсімдіктердің болуы;
- жұмыс орындарын жайластырудың қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелеріне сәйкестігі (температуралық режим, жарықтандыру, үй-жайдың желдетілуі, ұйымдастыру техникасы бірліктерінің саны және т. б.);
- бөлімше басшысы мен толық жұмыс күні болатын мамандардың еңбек жағдайларының жайлылық деңгейі;
- комиссияның тазалықты, жайлылықты, көгалдандыруды көзбен шолып бағалауы 10 балдық жүйе бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ, "GREEN CAMPUS" жобасына сәйкес "Менің екінші үйім" конкурсынан басқа ШҚМТУ қоқысты сұрыптау және өңдеу жүйелерін енгізумен, аумақты белсенді көгалдандырумен, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланумен және т.б. жоспарлы түрде айналысады.
Ректордың айтуынша, біздің жоо Қазақстанның ең әдемі және жасыл аймақтарының бірінде орналасқан. ШҚМТУ экологиялық тазалықтың және ресурстарды орынды пайдаланудың үлгісі болу үшін үлкен әлеуетке ие.
- ШҚМТУ-дың әрбір қызметкері мен студентінен "GREEN CAMPUS" жобасының іс-шараларына белсенді қатысуды сұраймын, біз бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз, - деді ректор.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер ШҚМТУ кәсіподақ комитетінде қабылданады.Д. Серікбаева: Шахрам Солтанбекова және Сусанна Морозова. Байқаудың бірінші толқыны 2019 жылдың 8 сәуірінен 30 мамырына дейін.