Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өңірлік жоғары оқу орындары арасында 1-орынға ие болып, техникалық университеттің көшбасшылық позициясын тағы да растады және Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде - 2024 Қазақстан бойынша көшбасшылар үштігінде қалып, екі ұлттық жоғары оқу орнынан кейін ғана қалды!

Рейтинг нәтижелері ШҚТУ халықаралық стандарттар деңгейінде академиялық және ғылыми қызметті іске асыру есебінен жұмыс берушілер, түлектер мен білім алушылар арасында жоғары бағаға ие екендігін растады, бұл түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары пайызымен расталады!!!

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік - Рейтинг (IQAA-Ranking) Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің нәтижелерін он алтыншы жыл қатарынан ұсынып отырғанын атап өткен жөн.

2024 жылы институционалдық рейтингке алты санат бойынша 51 ЖОО қатысты: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және өнер ЖОО.

Бұл ретте Бағалау ЖОО берген деректер бойынша ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз көздерден алынған деректер бойынша да жүргізілді, оның ішінде жұмыс берушілер, академиялық орта сарапшылары, ЖОО студенттері мен түлектері арасында сауалнама жүргізілді.

Барлық әріптестерімізді, серіктестерімізді, білім алушыларды, олардың ата-аналарын және заңды өкілдерін құттықтаймыз және алғыс айтамыз!!! ШҚТУ Қазақстан экономикасына, сондай-ақ әрбір білім алушының болашағына елеулі үлес қосуды жалғастырады!!!

https://www.iqaa-ranking.kz/item/15535